$ 444.22  476.38  4.82

Головкин промоутері: «Уордқа қарағанда Чавеспен болатын жекпе-жек өте тиімді»

Қазақстандық боксердің промоутері орташа салмақтағы боксшылардың Головкинмен рингте кездесуден қашқақтап жүргенін атап өтті, деп хабарлайды Vesti.kz

WBA дәрежесі бойынша супер орташа салмақтағы әлем чепионы америкалық Андре Уорд (27-0, 14 КО) орташа салмақтағы WBA (SUper)/IBO әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (29-0, 26 КО) онымен кездесуден қашып жүр деген мәлімдеме жасаған болатын.

Бұл мәлімдемеге Головкиннің промоутері Том Леффлер жауап қайтаруды жөн көріпті.

― Ең алдымен, Уорд мүлдем басқа деңгейде бокстасады. Ол супер орташа салмақта. Сондықтан, дивизиондары әр түрлі боксшылар үшін бір-бірінен қашқақтау өте қиын. Иә, Геннадий егер бұл жепе-жек ерекше болатын болса, онда жоғарғы деңгейге көтерілгісі келетінін айтқан. Мен өз атымнан орташа салмақтағы көптеген боксшылар Геннадийден қашып жүргенін айтқым келіп отыр. Дегенмен, Уордпен өтетін жекпе-жек те біз үшін қызықты болар еді,― дейді Леффлер.

Леффлердің айтуынша, қазіргі жағдайда Геннадийдің кіші Хулио Сезаром Чавеспен болатын кездесуі қаржылық жағынан ұтымды болайын деп тұр. Себебі, бокссүйер қауым арасында бұл екеуінің жекпе-жегі қызу пікірталас тудырып жүр. Сондай-ақ, екеуінің кездесуі орын алып жатса, бұл Генаның алғашқы ақылы телетүсірілімі болмақ. Ал, Уордпен болатын жұдырықтасуға қатысты Генаның промоутері ешқандай қаржылай табыс көрмей тұрғанын айтады. Себебі, бұл жекпе-жекті ақылы телеарналарға сатуға болатынына сенімсіз.

― Ал, Андре болса, бұл кездесу үшін көп ақша алғысы келеді. Оның үстіне, егер Геннадий жоғары салмаққа өтетін болса, онда ол да үлкен ақшаны қалайтын болады. Сөйтіп, бұл ретте ешқандай экономикалық пайда түспей қалады. Ал, Чавеспен болатын жекпе-жек барлық жағынан тиімді болып тұр, ― дейді промоутер Леффлер.

Айта кетейік, жерлесіміз Геннадий Головкин кезекті жекпе-жегін 26 шілде күні Нью-Йоркте әлемнің экс-чемпионы Дэниэл Гилмен өткізетін болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары