«Ралли-рейд жарысынан қазақстандық Astana Motorsports командасы Халықаралық автокөлік федерациясының алтыншы әлем кубогі «Баха Испания Арагон» жарысына қатысатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz.
Бұл жарыста «Астана» ұлттық спорт брендін Astana Motorsports командасының үш экипажы екі жеңіл көлік пен бір ауыр жүк көлігі қорғайтын болады» делінген команданың баспасөз хабарламасында.
«Баха Испания Арагон» жарысы Испания жері бойынша шілденің 18-і мен 20-сы аралығында өтеді. Ұзақтығы мың шақырымды құрайды. Үш күндік жарыс барысында жүргізушілерге неше түрлі таулы аймақтарды басып өтуге тура келеді. Олардың арасында биіктігі 1200 метрлік асулар да бар.