$ 444.22  476.38  4.82

ХОККЕЙ: "Барыс" сырт алаңда "Сочиден" ойсырай жеңілді

Құрлықтық хоккей лигасының кезекті туры аясында сырт алаңда "Сочимен" кездескен астаналық "Барыс" 6:2 есебімен ойсырай жеңілді. Осылайша Андрей Назаров шәкірттері турнирдің плэй-офф кезеңіне берілетін жолдамадан айрылудың сәл алдында тұр.

Ойын бастала салысымен айдын иелері басымдықты өз қолдарына алып, небәрі үшінші минутта есепті ашты, гол авторы - Денис Козионов. Ал, араға бір минут салмай Ян Лацо күзеткен қақпаға екінші шайбаны Илья Крикунов дарытты.

Бірінші кезеңнің алтыншы минутында "Барыс" сапынан Роман Старченко гол соғып, есепті қысқартқан болатын. Алайда, 16 минутта Вадим Щегольков "Сочи" үшін үшінші шайбаны соғып, астаналық клубтың жағдайын қиындатып тастады.

Ойынның екінші кезеңі тартысты өткенімен жанкүйерлер тек бір ғана соғылған шайбаның куәсі болды. Матчтың 22 минутында "Барыс" шабуылшысы Константин Романов әріптестері берген пасты ұтымды пайдаланып, есепті тағы бір рет қысқартқан. Дегенмен, елордалық команда үшін бұл осынау ойында соғылған соңғы шайба болды.

Соңғы үшінші кезеңде "Сочи" хоккейшілері "Барыс" қақпасына тағы үш шайба соғып, есепті 6:2-ге жеткізген. Гол авторлары: Денис Казионов, Андрей Костицын және Андре Петерсон.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары