$ 498.34  519.72  4.85

Қазақстандық ауыратлет допинг дауынан кейін Әлем чемпионатының алтынынан айрылды

Қазақстандық ауыратлет Татьяна Капустина допинг пайдаланғаны үшін жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы деген атағынан айрылды деп жазады Vesti.kz.

Капустина әлем біріншілігін өткен жылдың сәуір айында Перуде жеңіп алған болатын. Ол 69 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Араға жылға жуық уақыт салып мамандар қазақстандық спортшының допинг пайдаланғанын дәлелдеп отыр. Осылайша, 2015 жылдың жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы атағы Перуде екінші орын алған эквадорлық Айови Кабесасқа беріліп отыр.

Естеріңізге салайық, Халықаралық ауыр атлетика федерациясы былтыр Хьюстонда өткен әлем біріншілігінде жүлделі орын алған қазақ атлеттерін де допинг пайдаланды деп айыптап отыр. Егер мамандардың күдігі дәлелденсе Алмас Өтешов пен Жасұлан Қыдырбаев жарыстан жеңіп алған медальдарын қайтарып береді және бірнеше жыл спорттан шеттетілуі мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары