Ақтөбеде жергілікті команданың еурокубоктік бәсеке жолындағы кезекті ойынына кіру билеттерін жанкүйерлер екі сағат ішінде талап әкеткен, деп хабарлайды «NewTimes.kz».
«Ақтөбенің» тбилисилік «Динамо» клубымен жауапты кездесуі қарсаңында жергілікті жанкүйерлер әдеттегідей билет сатылымына түн жарымынан бастап кезекке тұра бастаған.
Айта кетейік, УЕФА Чемпиондар лигасының екінші іріктеу айналымының ойыны осы аптаның сәрсенбі күні, яғни ертең Ақтөбе қаласында «Қобыланды батыр» атындағы стадионда өтпек. Мұның алдында сырт алаңда «Ақтөбе» 0:1 есебімен ұтып қайтқан еді.
Жауапты матчтың билетін сатып алу үшін жанкүйерлер таң ата бастағаннан кезекке тұрған. Тіпті, түнгі сағат 03.00-ден бастап касса терезесін күзете бастаған деген деректер бар. Жағдайды ушықтырып алмас үшін стадионға полиция өкілдері тартылған.
Ойын билетінің бағасы мың теңге тұрады. Осыған қарамастан билет алуға келген әр адам үш-үштен билет сатып алған. Нәтижесінде барлық билет небәрі 2 сағаттың ішінде сатылып кеткен.
Сонымен қатар, «қара базарда» «Ақтөбе» «Динамо» матчының билеттері 4 мың теңгеден сатылуда.