$ 494.87  520.65  4.91

ҚХЛ: "Барыс" "Ақ барстан" ойсырай жеңілді

Астаналық "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасы маусымындағы соңғы ойындарының бірін өткізді. Сырт алаңда Қазанның "Ақ барсымен" кездескен Назаров шәкірттері 5:2 есебімен ойсырай жеңіліп, турнирлік кестедегі жағдайын нашарлатып алды.

Ойынның алғашқы кезеңінде астаналық хоккейшілер өз қақпаларына жауапсыз үш шайба жіберіп алды. Алдымен Джастин Азеведо тура соққысымен көзге түссе, артынша Федор Малыхин Полуэктов күзеткен қақпадан саңлау тапты. Мұнан кейін бап бапкер Андрей Назаров қақпашыны алматырған. Алайда, тәжірибелі Ян Лацо да қазандық клубтың тегеурінді шабуылдарына қарсы тұра алмады. Бірінші кезеңнің 15 минутында "Ақ барс" сапынан Артем Лукоянов гол соғып, астаналық клубты жеңіске деген мүмкіндігінен айырды.

Екінші кезең бастала салысымен "Барыс" хоккейшілері өз қақпаларына төртінші голды жіберді. Тек осыдан кейін ғана есін жиған Назаров шәкірттері "Ақ барс" қақпасына қатарынан екі шайба соғып, жанкүйерлеріне үміт сыйлаған. Алайда, жерлестеріміздің күші мұнан артыққа жетпеді. Қайта 31 минутта өз қақпаларына бесінші голды жіберіп, үшінші кезеңде тіпті шабуылдауды да тоқтатты.

Енді топтық кезеңдегі соңғы ойынын "Барыс" хоккейшілері Омбының "Авангардымен" сырт алаңда өткізеді. Назаров шәкірттері осы матчта жеңіске жетіп, "Нефтехимик" "Салават Юлаевтан" жеңілсе астаналық клуб плэй-офф кезеңіне жолдама алады. Ал, "Нефетехимикке" ойынның негізгі бөлігін тең аяқтаса да жетіп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары