$ 494.87  520.65  4.91

Аргентинада ойыннан қуылған футболшы төрешіні атып өлтірді

Аргентинаның Кордова қаласында өткен футбол матчы қайғылы жағдаймен аяқталды. Ойын барысында алаңна қуылған футболшылардың бірі бас төрші 48 жастағы Сезар Флоресты атып өлтірген деп жазады Goal.

Флорес ойын кезінде өрескел тәртіп бұзған ойыншыға қызыл қағаз көрсетіп, оны алаңнан қуып жіберген. Алайда, араға бірнеше минут салып футболшы алаңға тапаншамен қайта оралып, төрешіні үш рет атып салды. Оқ Флорестің басына, мойнына және кеудесіне тиген. Алған дене жарақаттарынан ол сол жерде қайтыс болды.

Сондай-ақ, атылған оқ Вальтер Сарате қалалық клубының бір ойыншысын да жаралады. Қазір ол ауруханада, денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ дейді дәрігерлер.

Ойын нақты қай командалар арасында болғаны және қандай турнир екені айтылмай отыр. Сондай-ақ, төрешіні өлтірген футболшының да аты-жөні белгісіз. Белгілісі, оның жасы 25-те және қазіргі таңда іздеуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары