27.02.2016, 04:03

ФИФА-ға жаңа президент сайланды

Цюрихте өтіп жатқан Халықаралық футбол федерациясының президентін сайлаудың екінші туры қорытындысымен ұйымның жаңа басшысы Джанни Инфантино болды.

Екінші раундыда Еуропалық футбол қауымдастығының бас хатшысына (УЕФА) 115 ел, Азия футбол конфедерациясының басшысы шейх Салманға - 88, Иордания ханзадасы Али бин Әл-Хусейнге - 4 , ФИФА-ның бұрынғы бас хатшысының орынбасары француз Жером Шампаньға - 0 адам дауыс берді. ФИФА жарғысына сәйкес екінші турда жеңіске жетуі үшін кандидат кемінде дауыстың жалпы санының жартысын жинауы тиіс.

Сайлаудың бірінші кезеңінің қорытындысымен жеңімпаз анықталмады. Инфантино 88 дауыс, шейх Салман - 85 дауыс жинады, қалғандары көп дауыс ала алмады. Оңтүстікамерикандық Токио Сексвале дауысқа түсуден бас тартты.

Бұдан бұрын біліктілігінен айырылған Индонезия мен Кувейт ұлттық футбол федерациялары сайлауда дауыс беру құқығынан айырылды.

Қазақпарат