$ 474.72  515.17  5.58

Бейбіт Шүменов ресейлік Денис Лебедевпен кездесуі мүмкін

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменов алдағы уақытта Лебедев-Рамирес жекпе-жегінің жеңімпазымен жұдырықтасуды жоспарлап отыр. Алғашқы ауыр салмақтағы WBA чемпионы ресейлік Денис Лебедев аталған кездесудің фавориті. Дегенмен, аргентиналық Виктор Рамирес те оңай шағылар жаңғақ емес. Ол осы салмақтағы IBF чемпиондық белбеуінің иегері.

"Менің арманым - чемпиондық белбеулердің басын біріктіру, яғни түгел жеңіп алу. Сондықтан "Лебедев-Рамирес жекпе-жегінің жеңімпазымен жұдырықтасуға асығып отырмын. Денис те, Виктор да маған лайықты қарсылас" дейді Шүменов Boxing News 24 тілшілеріне берген сұхбатында.

Айта кетейік, қазақстандық боксшы былтыр 18 желтоқсанда поляк Кшиштоф Влодарчикпен кездесуі тиіс болатын. Алайда, Шүменовтың жарақатына байланысты бұл жекпе-жек кейінге шегерілген еді. Енді қос боксшы өзара мықтыны сәуір айында анықтауы мүмкін.

Бейбіт Шүменов кәсіпқой бокс алаңында барлығы 18 жекпе-жек өткізіп, оның 16-да жеңіске жеткен (10 нокаут), екі кездесуде жеңілген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары