$ 443.44  480.51  4.88

Зарина Дияс Серена Уильямспен тағы да кездесетін болды

Теннистен АҚШ-тын Майами қаласында өтіп жатқан Miami Open турнирінде қазақстандық Зарина Дияс екінші кездесуін жеңіспен аяқтап, жарыстың келесі айналымына шықты деп хабарлайды Vesti.kz. Турнирдің жүлде қоры 1 миллион АҚШ долларын құрайды.

Екінші айналымда Зарина Диясқа әлемнің 34-ші ракеткасы австралиялық Дарья Гаврилова қарсылық көрсеткен. 52 минутқа созылған кездесу 7:5, 6:3 есебімен қазақстандық теннисшінің пайдасына шешілді. Соңғы уақытта жеңілістен көз аша алмай жүрген Дияс бүгінде WTA рейтингінің 97-ші сатысына дейін түсіп кеткен.

Енді үшінші айналымда отандасымыз әлемнің бірінші ракеткасы америкалық Серена Уильямспен күш сынасады. Әйгілі спортшы бүгін өз жерлесі Кристина Макхэйлді 6:3, 5:7, 6:2 есебімен жеңген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары