Тәжікстан футбол Федерациясының басшылығы ұлттық құраманың бапкерлер құрамын түгелдей жұмыстан қуу туралы шешім шығарды деп хабарлайды Орталық Азия жаңалықтар қызметі.
Құрама бас бапкерінің міндетін атқарушы Мубин Эргашев көмекшілерімен бірге Тәжікстан ұлттық құрамасының 2018 жылы өтетін әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде сүреңсіз ойын көрсеткені және «В»тобында төртінші орын алғаны үшін қызметтерінен кетті.
Тәжікстан құрамасын 2019 жылы өтетін Азия Кубогының іріктеу ойындарына жаңа бапкерлер штабы дайындайтын болады. Жақын күндері есімі анықталатын бас бапкер көмекшілерін өзі жасақтайды.