$ 444.14  477.05  4.85

Талдықорғанда мешіт имамы күресіп атын шығарып жүр

Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Талдықорған қаласында қазақша күрестен халықаралық турнир өз мәресіне жетті. Байрақты бәсекеге қатысқан жергілікті мешіт имамы сәтті өнер көрсетіп, жарыстың жүлделі орындарының бірін жеңіп алды.

Айта кетейік, турнирге бас-аяғы 30 палуан қатысты. Олардың қатарында самбо мен дзюдодан және қазақша күрестен ел чемпиондары мен халықаралық жарыс жеңімпаздары да бар. 

Жүлдегерлер қатарына ілінген Керімбек Даутов Талдықорған қаласындағы «Иман» мешітінде наиб-имам болып жұмыс істейді. Қазақстан мұсылмандар діни бірлестігінің басшылығы өз қызметкерінің осындай жетістігін мақтан тұтып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары