$ 494.87  520.65  4.91

Е.Қожағапанов қазақстандық футболдың жемқорлыққа белшеден батқанын айтты

Қазақстан Футбол федерациясының президенті Ерлан Қожағапанов еліміздегі футбол саласының жемқорлыққа әбден батып қалғандығын айтты. Ол Қостанайдағы кей футболшылардың жалақысын естігенде таң қалғанын да жасырған жоқ деп жазады Ng.kz.

Федерация президенті салада орын алып жатқан былықпен енді құқық қорғау органдарының айналысатынын ескертті.

"Маған шетелдік футболшылар, атап айтар болсам Балқаннан немесе Африкадан келген легионерлердің кейінірек Қазақстандағы күндерін аңсап сұхбат беретіні ұнамайды. Тілшілер неліктен мұндай тақырыпта сұхбаттасады? Өйткені, Қазақстанда легионерлерге көп жалақы берілетінін бәрі біледі. Бізде көп төлейді, бірақ, ойнамауға болады деген ұстаным қалыптасып қалған. Қазақстан чемпионатына баю үшін келеді, мұндай көзқарасты өзгерту керек. Жақсы ойыншыларды агенттердің көмегінсіз тапқан жөн, тікелей шығу керек. Мен бұл жайында "Ақтөбе" басшыларына да, өзге клубтарға да ескерткенмін" дейді Қожағапанов.

Оның айтуынша, Қазақстанда 70 мың еуро жалақы алып ойнаған легионерлер бүгінде өзге клубтарда 9 мың еуроға доп теуіп жүр.

"Қазақстан чемпионатында 70 000 еуро жалақы алған ойыншылар бүгінде өзге чемпионаттардың екінші лигасында 9 000 еуро үшін ойнап жүр. Демек, олардың лайықты құны сол 9 мың еуро деген сөз. Неліктен ол біздің чемпионатта 70 мың еуро алады? Мұның бір ғана жауабы бар, ол - жемқорлық. Дегенмен, бұл былыққа енді құқық қорғау органдарының мамандары нүкте қояды" деп атап өтті ҚФФ президенті.

Айта кетейік, өткен жылы Ақтөбе облысының әкімі "Ақтөбе" клубының сапындағы ойыншылардың жалақысын айтып, жұрттың жағасын ұстатқан болатын. Мәселен, Данило Сирино - 57 000 еуро, Андерсон Сантана - 61 000 доллар, Данило Неко - 67 000 еуро, Маркос Пизелли 75 мың доллар жалақы алып отырған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары