$ 498.34  519.72  4.85

Футбол ережелеріне жаңа өзгерістер енгізілді

Футбол ассоциацияларының халықаралық кеңесі аталған ойынның ережелеріне бірқатар өзгерістер енгізді деп хабарлайды Lenta.ru ұйымның ресми порталына сілтеме жасап.

Мәселен, төрешінің ойыншыны екі рет қатарынан жазалауы ережеден алынып тасталмақ. Айып алаңында қарсылас команданың шабуылшысын құлатып, гол соғу мүмкіндігінен айырған ойыншыларға бұрын міндетті түрде "қызыл қағаз" көрсетіліп, төреші пенальти белгілеп келген болса, бұдан кейін тек пенальтимен ғана шектелуіне болады.

Сонымен қатар, арбитр футболшыға ойын басталмай тұрып-ақ "қызыл қағаз" көрсету құқығына ие болып отыр. Яғни, әлі алаңға шығып үлгермеген ойыншы тәртіп бұзса оны ойыннан аластатады. Дегенмен, бапкердің қуылған ойыншыны өзгесімен ауыстыруға мүмкіндігі бар.

Егер төрешіні алаңдағы немесе қосымша құрамдағы ойыншылардың бірі балағаттаса айып добы белгіленбек. Ал, қарсыластың басына жасалған кез-келген соққыға (аяқпен, қолмен) - "қызыл қағаз".

Аталған өзгерістер 2016-2017 жылдың маусымынан бастап күшіне енеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары