$ 480.55  533.75  5.36

Головкин - Уэйд жекпе-жегінің 15 мың билеті сатылып кетті

Кәсіпқой бокстан орта салмақтағы әлем чемпионы, WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF чемпиондық белбеулерінің иесі Геннадий Головкин (34-0, 31 КО) мен америкалық Доминик Уэйд (18-0, 12 КО) арасындағы жекпе-жектің өтуіне небәрі 5 күн қалды.

Айта кетейік, аталған бокс кеші Лос-Анджелес қаласындағы "Форум" аренасында өтеді. 16 мың көрерменге лайықталған кешенде 23 сәуір күні ине шаншыр орын болмайды дейді ұйымдастырушылар. BoxingScene.com порталының мәлімдеуінше, бүгінде 16 мың билеттің 15 мыңы сатылып кеткен. 

Ал, қазақстандықтар өз жерлесінің жекпе-жегін 24 сәуір күні таңертең "Қазақстан" телеарнасынан тікелей эфирде көре алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары