$ 443.37  474.49  4.83

Назарбаев Геннадий Головкинге жеңіс тіледі

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге 2014 жылы 26 шілдеде австралиялық Дэниэл Гилмен өтетін жекпе-жекте жеңіс тіледі, деп хабарлайды «Қазақпарат» Нью-Йорктегі ҚР Бас консулдығына сілтеме жасай отырып.

«Шақырту үшін алғыс білдіремін. Қазақстандықтар сенімен бірге», делінген ҚР Президентінің жеделхатында. Оны Нью-Йорктегі Бас консулдық Геннадий Головкинге ресми тапсырды.

Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа қолдауы мен тілегі үшін ризамын. Өз тарапымнан маған көрсетілген сенімді ақтауға тырысамын, - деп атап өтті Геннадий.

22 шілдеде атақты Брайтонда болған орыстілді жанкүйерлерімен кездесуде Генадий өзінің жекпе жекке дайын және жеңіске деген сенімі мол екендігін жеткізді. Сонымен қатар, ол қарсыласының осал еместігін де айта кетті.

Ал оның тілекшілері сайыс алдындағы қарбаласқа қарамай осындай кездесуге уақыт тауып келгеніне дән ризашылық білдіріп, чемпионға жеңіске жете беруді тіледі.

Айта кету керек, жеңімпаз Геннадийдің тәжірибесіне бас игендіктен ғана емес, оның ақжарқын мінезі мен қарапайымдылығы үшін де АҚШ-та оны қолдаушылардың саны көбейіп келеді.

Кездесу әдеттегідей жанкүйерлермен бірге суретке түсіп, қолтаңба берумен аяқталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары