13.05.2016, 05:29

Қазақстан мен Қытай футболдан жолдастық кездесу өткізеді

Аталған матч маусымның 7-не Далянь (ҚХР) қаласында өтеді деп жоспарланған. Қос тараптың футбол федерациялары осындай келісімге келіп отыр. Қазақстандық команданың барлық шығынын Қытай тарапы өз мойнына алатынын мәлімдеді. Бұл жайында Қазақстан футбол федерациясының ресми сайтында айтылған.

Жолдастық кездесуге дайындалу үшін Ұлттық құрама 3 маусымнан бастап жаттығуын бастайды. Осыған байланысты ел біріншілігінің 14 және 15 турлары кейінге шегерілді. 

Естеріңізге салайық, Қазақстан футболшылары соңғы рет 26 наурызда Әзірбайжан құрамасымен жолдастық кездесу өткізген болатын. Ол кезде жерлестеріміз 1:0 есебімен жеңіске жеткен, гол авторы - Мақсат Байжанов.