$ 441.58  480  4.86

Теннистен Франция ашық біріншілігін Гарбинье Мугуруса жеңіп алды

Испан қызы финалда әйгілі Серена Уильямсты екі сетте жеңіп, "Үлкен дулыға" сериясындағы алғашқы кубогіне қол жеткізді.

21 жастағы Гарбинье Мугуруса матч бастала салысымен ойынды өз бақылауына алды. Қателікке жол бермеген ол бірінші сетті 7:5 есебімен аяқтаған. Ал, екінші кезеңде әлемнің №1 ракеткасы Серена Уильямс екі рет қателікке жол беріп, нәтижесінде сет 6:4 есебімен Мугурусаның пайдасына шешілді. Қорытынды есеп - 2:0.

Айта кету керек, испан теннисшісі Франция ашық біріншілігін ("Ролан Гаррос") және "Үлкен дулыға" сериясындағы турнирлерді алғаш рет жеңіп алды. Ол бұған дейін WTA рейтингінде 4-орында болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары