$ 442.05  474.14  4.74

Бокс королі Мұхаммед Әли қайтыс болды

Әйгілі америкалық боксшы, бокс королі Мұхаммед Әли 74 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Бұл туралы NBC News хабарлап отыр.

Мұхаммед Әли - кәсіпқой бокста аса ауыр салмақта өнер көрсеткен әлемдегі ең даңқты спортшылардың бірі. Өз заманының ең мықты боксшыларын жеңіп, өзіндік бокс стилін қалыптастырған Әлиге спорт сарапшылары мен жанкүйерлері "бокс королі" деген мәртебе берген.

Әлидің азан шақырып қойған аты Кассиус Клей болған. Кәсіпқой бокстағы алғашқы жетістіктерінен кейін ол ислам дінін қабылдап, аты-жөнін Мұхаммед Әли деп ауыстырды.

Әли 1960 жылы Римде өткен жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы. 1964-1966, 1974-1978 жылдар аралығында кәсіпқой бокстан әлемнің абсолютті чемпионы, бес рет "Жыл боксшысы" атанған. Кәсіпқой бокс рингінде 61 кездесу өткізіп, 56-да жеңіске жеткен (37-і нокаутпен).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары