$ 443.85  474.3  4.8

Седов ауыратлеттердің допинг дауына ілігуіне бас бапкер Ниді кінәлады

Ауыр атлетикадан 2009 жылғы әлем чемпионы Владимир Седов Лондон Олимпиадасының алтынын алған қазақстандық төрт спортшының допинг дауына ілігуіне ұлттық құраманың бас бапкері Алексей Ниді кінәлады.

Естеріңізге салайық, бұған дейін Илья Ильин мен Зульфия Чиншанлоның, Майя Манеза мен Светлана Подобедованың допинг-сынамасынан рұқсат етілмеген заттар табылған болатын. Халықаралық ауыр атлетика федерациясы оларды тексеру толық аяқталғанша алда өтетін жарыстардан шеттетті.

"Бүгін біздің ел үшін және ауыр атлетика әлемі үшін өкінішті жағдай туындап отыр, олардың бәрі жақсы адамдар, бірақ тағдырдың қалауы солай болды. Илья, Зульфия, Майя және Света - олардың бәрі мен үшін чемпион болып қала бермек. Алексей Геннадьевич, бұл сіздің ісіңіз, Сіз олардың тағдырың бүлдірдіңіз", - делінген Седовтың Instagram парақшасына жазған жазбасында.

Қазақстан ауыр атлетика федерациясы болса дауға іліккен төрт спортшыға құқықтық тұрғыдан қолдан келгенше көмек беретінін мәлімдеп отыр. Жақын күндері Халықаралық олимпиада комитеті тәртіптік кеңесінің жиыны өтеді. Онда қазақстандық атлеттердің Рио олимпиадасына бару-бармау мәселесі шешілмек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары