$ 444.14  477.05  4.85

Футболдан Бразилия құрамасына жаңа бапкер тағайындалды

Футболдан әлемнің 5 дүркін чемпионы Бразилия ұлттық құрамасының бас бапкері болып «Коринтианс» клубының бұрынғы жаттықтырушысы Тите тағайындалды. Бұл жайында аталған клуб президенті Роберто Де Андраде баспасөз мәжілісінде айтты деп жазады ESPN.

Титемен бірге ұлттық құрамаға оның ассистенттері де бірге еріп келмек. Келісімнің мерзімі әзірге жарияланбай отыр.

55 жастағы маман «Коринтианс» клубын 2010-2013 және 2015-2016 жылдар аралығында жаттықтырған. Оның басшылығымен команда екі рет Бразилия чемпионы атанып, Дибертадорес кубогін, клубтық әлем чемпионатын жеңіп алды.

Ал, Бразилияны бұған дейін жаттықтырған Дунга болса мерзімінен бұрын отставкаға жіберілді. Басты себеп - құраманың Америка кубогіндегі сәтсіз ойыны. Перуден жеңіліп, топтан шыға алмай қалған бразилиялықтар 2014 жылғы әлем чемпионатында да сүреңсіз ойынымен жанкүйерлерінің көңілінен шыға алған жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары