Ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Алексей Ни отандық Олимпиада чемпиондарының басына үйірілген допинг дауына қатысты өз ойымен бөлісті деп жазады Vesti.kz. Оның айтуынша, ұлттық құрама спортшыларымыздың кінәсіз екенін арбитражды сотта дәлелдейтін болады.
Естеріңізге салайық, кеше Халықаралық олимпиада комитетінің допингке қасы агенттігі (WADA) қазақстандық төрт ауыратлеттің допинг-сынамасынан рұқсат етілмеген заттардың табылғанын мәлімдеген болатын. Олардың төртеуі де Лондон олимпиадасында чемпион атанған Илья Ильин, Зульфия Чиншанло, Майя Манеза мен Светлана Подобедовалар. Атлетеріміз іске нүкте қойылғанға дейін жарыстарға қатыса алмайды.
"Мен үшін бұл өте тосын жағдай болды. Өйткені, Лондон олимпиадасы тарихтың бір парағы ретте артта қалған еді. Бірақ, келесі Олимпиадаға 1,5 ай қалған кезде мынадай "тосынсый" жасап отыр. Допинг-сынамаларды қайта тексеру Рио олимпиадасына небәрі екі ай қалған кезде жүргізілуі күдік туғызады, тексеретін болса жылдың басында тексерулері керек еді. Бұл жайтқа қатысты сұрақтарым көп. Спортшылардың апелляцияға беруге де уақыттары қалмайды, неліктен дәл осы мерзім таңдалды?", - дейді Ни.
Бас бапкер сондай-ақ, WADA-ның неліктен Риоға баратын атлеттерді ғана тексеріп жатқанын түсіне алмай отыр. "Бәлкім олардың мүмкіндіктеріне қатысты өздерінше талдау жүргізіп көрген болар. Ал, біздің спортшылардың жеңімпаз атану мүмкіндіктері аса жоғары... Допинг дауына іліккендердің қатарында бірде-бір спортпен қош айтысқан атлет жоқ. Өйткені, олар алдағы Олимпиадада ешкімге кедергі келтіре алмайды. Сонда, олардың ойынша бір Олимпиаданы жеңгенен кейін спортты тастап кету керек пе?! Сен енді үлкен нәтижеге қол жеткізіп, біреуге бәсекелес бола бастасаң сенімен күрес жүргізеді, және ол әділетсіз күрес. Мына бүгінгі допинг дауының басқа себебін көріп тұрғаным жоқ. Қазір бізде тура уақыт тақалған кезде қандай да бір қарсы жұмыс істейтін де мүмкіндік те қалмай барады", - дейді ұлттық құраманың бас бапкері.
А.Нидің айтуынша, қазіргі таңда спортшыларымыз бұл мәселеге алаңдамай жаттығуын жалғастырып жатқан көрінеді. Бәрі де проблеманың оң шешілетініне үмітті.