$ 479.38  531.63  5.27

Алматы қалалық бокс федерациясы Назым Қызайбайға көлік сыйлады

Қыздар арасында бокстан әлемнің екі дүркін чемпионы Назым Қызайбайға Алматы қалалық бокс федерациясы су жаңа көлік сыйлады.

Назымға федерация басшысы Бақытжан Қажиев Toyota Corolla автокөлігінің кілтін тапсырса, боксшының бапкері Жұмабек Өмірзақовқа ақшалай сыйлық берілді.

Айта кетейік, жуырда Астанада өткен бокстан әлем біріншілігінде Назым Қызайбай топ жарып, жарыс жеңімпазы атанған болатын. Мұнан кейін Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек оған "темір тұлпар" сыйлады.

48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Назым 2012 жылы Қытайда өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанған еді. 2014 жылы ол Оңтүстік Кореяның Чеджу қаласында алғаш рет әлем чемпионы атанды. Бұл жетістігін ол Астанада өткен әлем біріншілігінде қайталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары