$ 498.34  519.72  4.85

Қанат Бозымбаев Қазақ күресі федерациясының құрметті президенті болып сайланды

Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Қазақ күресі федерациясының құрметті президенті болып сайланды. Бұл туралы бүгін баспасөз мәжілісін өткізген федерацияның бірінші президенті Арман Шораев мәлімдеді.

Аталған жиын барысында А.Шораев «Қазақстан барысы» ұлттық турнирінің даму барысы жайында да сөз қозғады. Биыл байрақты бәсеке елімізде алтыншы рет қатарынан өткелі отыр.

«Қазір турнирге қызу дайындық жүріп жатыр. Қанат Бозымбаев бізге көп көмектесті. Атап айтсам, 2010 жылы Бозымбаев мырзаның қолдауымен алғаш рет «Еуразия барысы» халықаралық турнирін өткізген болатынбыз. Мұнан кейін аталған жарысты тағы үш рет өткіздік», - деді А.Шораев журналистермен болған кездесуде.

Естеріңізге салайық, «Қазақстан барысы» турнирінің финалдық белдесулері биыл 3 шілдеде Астанада өтеді. Жарыстың түйе палуаны 25 млн теңге ақшалай жүлде және алтыннан құйылған «Тайтұяқ» мүсініне ие болмақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары