$ 478.96  533.03  5.22

ЕУРО-2016: Португалия бірде-бір жеңіссіз жартылай финалға шықты (ВИДЕО)

Криштиану Роналду бастаған футболдан Португалия ұлттық құрамасы Еуропа чемпионатының жартылай финалына жолдама алды. Кеше пенальти сериясында Польша құрамасын жеңген Фернанду Сантуш шәкірттері осылайша чемпиондыққа бір табан жақындап отыр.

Ойындағы есеп небәрі екінші минутта ашылған. Камиль Гросицкидің айып алаңына шығарған пасына бірінші болып жеткен Роберт Левандовский өз мүкіндігін мүлт жібермей, Патрисиу күзеткен қақпаның саңлауын тапты. Ал, 33 минутта Португалия құрамасы есепті теңестірді. Нанидің пасын голға айналдырған - Ренато Санчес.

1:1 есебі 90-минуттың соңына дейін сақталған. 30 минуттық овертаймда да қос құрама жеңімпазды анықтай алмай, төреші пенальти сериясын тағайындады. Бұл кезеңде португалдықтардың асығы алшысынан түсіп, олар 5:3 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, Португалия құрамасы чемпионат басталғалы бері 5 матч өткізіп, барлығын да тең аяқтаған болатын. Ал, команда капитаны Криштиану Роналду болса ұлттық құрама сапында әлі бірде-бір белесті бағындырып көрмеген. Бұл Еуропа біріншілігі оның соңғы мүмкіндігі болуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#видео