Кәсіпқой бокстан орта салмақтағы IBF/IBO/WBA/WBC чемпиондық белбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкин (35-0, 32 КО) мен америкалық кіші Крис Юбэнк арасындағы жекпе-жек биыл 27 тамызда Ұлыбританиядағы «Sky Box Office» кешенінде орын алуы мүмкін. Бұл туралы ESPN шолушысы Дэн Рафаэль мәлімдеді.
«Головкин — кіші Юбэнк арасындағы жекпе-жек 27 тамызда орын алуы мүмкін. Соның салдарынан алғашқы орта салмақтағы IBF чемпионы Келли «Special K» Брук пен 147 фунттағы WBO чемпионы Джесси Варгас арасындағы кездесу 24 қыркүйекке жылжып отыр» деді Д.Рафаэль.
Ірі екі бокс кешін бір уақытта трансляциялау мүмкін емес, яғни тиімсіз. Екеуі де Британияда өтеді. Сондықтан, екеуінің арасы 1 айға созылуы мүмкін.
Айта кету керек, кіші Юбэнктің командасы осы аптаның соңына дейін GGG командасымен келісімшартқа отыруы тиіс. Егер кешіктірсе жекпе-жек орын алмайды.