$ 441.66  475.14  4.86

Футболдан Ресей ұлттық құрамасы түгелдей таратылды

Ресейдің спорт министрі Виталий Мутко футболдан ұлттық құраманың түгелдей таратылғанын мәлімдеді. Бұл жайында Life порталы хабарлап отыр. «Ұлттық құрама жоқ, ол таратылды», — деді Мутко журналистерге.

Министрдің айтуынша, қазіргі таңда құрамаға жаңа бапкер іздестіріліп жатыр. Бұған дейін жаттықтырған Леонид Слуцкий болса тек ЦСКА командасына бапкерлік жасамақ. Ал, жаңа бапкер жаңа ойыншылармен құраманы жасақтайды.

Айта кетейік, 17 шілде күні РФ президенті әкімшілігіне футболдан Ресей ұлттық құрамасын түгелдей тарату туралы петиция келіп түскен болатын. Петиция авторы қарапайым тұрғын - Артем Хасанов. Ол құрама футболшылары үмітті ақтамағандықтан команданы тарату керек деген бастама көтерді. Ол сондай-ақ, легионерлерге шектеу қойып, балалар футболын дамыту керек екенін де петицияда көрсеткен.

Аталған құжатты қолдап 931 мың адам қол қойды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары