$ 443.44  480.51  4.88

Головкин - Брук жекпе-жегінің проморолигі жарияланды (ВИДЕО)

Аталған видеороликте орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен чемпиондыққа үміткер Келл Бруктың рингтегі ең үздік сәттері топтастырылған.

Айта кетейік, 30 жастағы Келл Брук бұған дейін жартылай орта салмақта өнер көрсетіп, IBF тұжырымында әлем чемпионы атанған. Бұған дейін ол бірде-бір кездесуде жеңілмеген. Енді салмағын көтеріп, Геннадий Головкинмен күш сынасып көрмекші.

Келл Брук кәсіпқой бокс рингінде 36 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен, 25-і нокаутпен. Ал, Головкин 35 кездесуді түгел жеңіп, 32-ін нокаутпен аяқтаған.

Қос боксшы арасындағы кездесу 10 қыркүйекте Ұлыбританияда өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары