$ 442.05  474.14  4.74

Олимпиадаға қатысатын спортшылардың 44-і гомосексуал

Рио-де-Жанейрода санаулы сағаттардан кейін жалауы көтерілетін ХХХІ жазғы олимпиада ойындарына қатысатын спортшылардың 44-і гомосексуал. Бұл туралы Outsports порталы хабарлап отыр.

Дереккөздің хабарлауынша, бұрын-соңды Олимпиада ойындарына мұнша көп гейлер мен лесбилер қатыспаған. Өздерінің гомосексуал екенін ашық көрсеткен спортшылардың саны кейбір ұлттық құрамалардағы спортшылар санынан асып түсті. Мәселен, Эстония мен Моңғоляның әрқайсысы Бразилияға 42 спортшыдан алып келіпті.

44 гомосексуалдың 11-і ер азамат, қалғандары қыздар. Олардың қатарында қазақстандық спортшылар жоқ.

Outsports порталы спорттағы гейлер мен лесбилердің жетістігін жариялайтын спорттық портал.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары