$ 498.34  519.72  4.85

Олимпиада басталар тұста Қазақстанның үш спортшысы жарыстан шет қалды

Рио-де-Жанейрода бір күннен кейін басталатын ХХХІ жазғы олимпиада ойындарына қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасында өзгерістер орын алды. Жарысқа қатысуы тиіс үш спортшымыз кері елге қайтып, олардың орнына тек екі спортшы құрамаға еніп отыр. Бұл туралы Informburo.kz порталы хабарлады.

Жалпы, аталған Олимпиада ойындарында Қазақстанның 104 спортшысы спорттың 26 түрі бойынша ел намысын қорғайтын болады. Бұған дейін жарысқа лицензия алған жеңілатлеттер Регина Рыкова (20 шақырымға спорттық жүру) мен Айгерім Шыназбекова (100 метрге жүгіру) және ескек есуші Ксения Кондратенко белгісіз себептермен Олимпиада ойындарына қатыспайды. Ал, олардың орнын жүзгіш Екатерина Руденко (10 метрге жүзу) мен жеңілатлет Евгений Лабутов (диск лақтыру) басты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары