06.08.2016, 20:49

Рио-2016: Елдос Сметов Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды

Рио-де-Жанейрода бүгін алауы тұтанған ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан ұлттық құрамасының қоржынына екінші медаль түсті. Дзюдодан 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Елдос Сметов финалда Ресей палуаны Беслан Мудрановтан жеңіліп, жарыстың күміс жүлдегері атанды.

Белдесудің негізгі уақыты 0:0 есебімен тең аяқталған болатын. Алғашқы ұпай үшін болған соңғы кезеңде ресейлік палуан 10 ұпай еншілеп, жеңісті қарсыласынан жұлып алды.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан қоржынына қола медальді дзюдошы Галбадрах Отгонцэцэг салған болатын. 49 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен палуан қыз үшінші орын үшін болған белдесуде кубалық қарсыласын иппон әдісімен таза жеңді.