$ 494.87  520.65  4.91

Солтүстіккореялық ауыратлет "алтын" ала алмағаны үшін Ким Чен Ыннан кешірім сұрады

Ауыр атлетикадан Лондон олимпиадасының чемпионы Ом Юн Чхоль (56 келі) Риода осынау жетістігін қайталай алған жоқ. Кеше жарыс төріне шыққан солтүстіккорей ауыратлеті екінші орынға табан тіреп, КХДР қоржынына алғашқы медальді салды.

Жарыс аяқталысымен Ом Юн Чхоль "алтын" ала алмағаны үшін қатты өкінетінін айтып, ұлт көшбасшысынан кешірім сұрады.

«Ким Чен Ир мен үшін шабыттың бастауы, бүгін оны алтын медальмен қуанта алмағаным үшін қатты өкінемін. Дегенмен, келесі Олимпиада ойындарына қатысып, өзімнің ерекше сезімімді тағы бір алтын медальмен жеткізуді жоспарлап отырмын. Күміс медальмен мен өз халқымның алдында батыр атана алмаймын", - дейді Ом Yahoo Sports порталына берген сұхбатында.

Айта кетейік, төрт жыл бұрын Ом Юн Чхоль Лондонда жеңіс тұғырына көтеріліп, өз жеңісін Ким Чен Ир мен Ким Чен Ынға арнайтынын жеткізген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары