$ 494.87  520.65  4.91

Рио-2016: Фархад Харки Қазақстан қоржынына үшінші медальді салды

Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан ХХХІ жазғы олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасының қоржыны үшінші медальмен толықты. Ауыр атлетикадан 62 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен жерлесіміз Фархад Харки жарыстың қола жүлдегері атанды.

Жұлқа көтеру жаттығуын Харки үшінші орынмен аяқтаған. Алдымен 135 келілік зілтемірді бағындырған атлетіміз, қалған екі мүмкіндігінде 140 келіні бағындыра алмады.

Ал, серпе көтеру жаттығуында Харкидің ең үздік нәтижесі 170 келілік зілтемірді көтерумен шектелді. Қалған екі мүмкіндігінде жерлесіміз 177 келіні ырқына көндіре алған жоқ. Осылайша, қос жаттығудың нәтижесінде 305 келі көрсеткішпен Фархад Харки Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды.

Ал, бұл салмақтағы жарыс жеңімпазы колумбиялық Оскар Фигероаның жалпы көрсеткіші 318 келіні құраса (142+176), күміс жүлдегер атанған индонезиялық Эко Юли Ираван қос жаттығудың нәтижесінде 312 келіні (142+172) бағындырды.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан қоржынына дзюдоистер қос медаль салған болатын. Алдымен қыздар арасында ең жеңіл салмақта күрескен Отгонцэцэг Галбадрах қола жүлдгер атанса, сол күні 60 келіде татамиге шыққан Елдос Сметов финалда сүрінді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары