Рио олимпиадасында өнер көрсетіп жатқан қазақ боксшысы Біржан Жақыпов жартылай финалға берілетін жолдаманы өзбек боксшысымен сарапқа салып, жеңіліп қалды. Жерлесіміз осымен үшінші олимпиадасында жарысты ширек финалда аяқтағанын айта кету керек.
Біржан Жақыпов пен Хасанбой Дусматов осымен төртінші рет бір-бірімен шаршы алаңда кездесіп отыр. Бұған дейінгі екі жекпе-жекті Біржан өз пайдасына шешкен болатын. Бүгін есеп теңесті.
Үш раундтың үшеуінде де өзбек боксшысы жерлесімізден бір бас жоғары өнер көрсетіп, нәтижесінде төрешілер жеңісті бірауыздан Дусматовқа ұстатты. Ол Жақыповтан он жасқа кіші. Енді Дусматов Олимпиада алтыны үшін күресетін болады.
Айта кетейік, бұған дейін 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Берік Әбдірахманов бірінші айналымнан аса алмай, жарысты ерте аяқтаған болатын.