$ 480.55  533.75  5.36

Рио-2016: Әділбек Ниязымбетов жартылай финалда (ВИДЕО)

Әділбек Ниязымбетов Рио олимпиадасының жартылай финалына жолдама алды. Ширек финалда әзірбайжан боксшысы Теймур Мамедовпен кездескен жерлесіміз қарсыласын 3:0 (30:27, 30:27, 30:27) есебімен жеңіп, Қазақстан қоржынына жоқ дегенде қола жүлде салып отыр.

Үш раунда та әзірбайжан боксшысын қуып жүріп ұрған Ниязымбетовке төрешілер жеңісті бірауыздан берді.

Мамедовтың қазаққа жиен екенін бұған дейін отандық БАҚ өкілдері жарыса жазған болатын. Оның ата-анасы Шымкент қаласының тумалары, ертеректе Әзірбайжанға көшіп кеткен. Анасы - қазақ. 2012 жылы Мамедов Лондон олимпиадасының қола жүлдегері атанған еді.

Ал, Лондон олимпиадасының күміс жүлдегері Ниязымбетов болса келесі жекпе-жегін Ұлыбритания боксшысы Джошуа Буатсимен өткізеді. Кездесу 17 тамыз күні түнгі 3:30-да орын алмақ. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары