$ 443.37  474.49  4.83

Рио-2016: Қайрат Ералиев өзбек боксшысынан жеңіліп қалды

Олимпиададағы алғашқы жекпе жегінен кейін "екінші Мұхаммед Әли" деген атқа ие болған Қайрат Ералиев (56 кг) жарыстың 1/8 финалында өзбек боксшысынан жеңіліп қалды.

Өзбекстандық боксшы Муроджон Ахмадалиевпен Ералиев бұған дейін де бір кездесіп, ол кезде де жеңіліп қалған болатын. Бұл жолы да төрешілер жеңісті бір ауыздан 3:0 есебімен өзбек спортшысына ұстатты. Ахмадалиевтің әлем чемпионатының күміс жүлдегері екенін айта кетейік.

Алғашқы раунда боксшылар ашық шабуылдарға көшіп, тең дәрежеде өнер көрсеткен. Алайда, бұл кезеңде төрешілер Ахмадалиев жеңді деп шешіпті. Екінші раундта да дәл осы жағдай қайталанды. Есептегі басымдықты қуып жете алмайтынын білген Ералиев үшінші раунда өзбекті қуып жүріп сабағанымен, оны құлата алған жоқ.

Осылайша, Қайрат Ералиев Олимпиада ойындарын жүлдесіз аяқтады. Бұған дейін Біржан Жақыпов (49 кг) пен Берік Әбдірахманов (60 кг) және Абылайхан Жүсіповтер (64 кг) де жарыс жолынан ерте шығып қалған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары