$ 498.34  519.72  4.85

Рио-2016: Төрешілер Левиттің жеңісін Евгений Тищенкоға "сыйлап" жіберді

Бұған дейін Қайрат Ералиев (56 келі) пен Олжас Сәттібаевқа (52 келі) қиянат жасаған төрешілер Василий Левиттің финалдағы жеңісін Ресей боксшысы Евгений Тищенкоға тура мағынасында сыйлап жіберді. Үш раунд бойы қарсыласын бас көтертпей сабағанына қарамастан Левитті төрешілер жеңілді деп есептеген.

Осылайша Василий Левит Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанып, Қазақстан қоржынына кезекті медальді салды. Бұған дейін ұлттық құраманың еншісінде 2 алтын, 2 күміс және 4 қола медаль бар болатын.

Айта кетейік, төрешілердің шешімімен боксты тамашалауға келген көрермендер де келіскен жоқ. Евгений Тищенко залды тастап шыққанға дейін залға жиналған жұрт шулап, наразылығын білдірді.

Еске сала кетейік, бүгін 69 келіде өнер көрсеткен Данияр Елеусінов те финалдық кезеңге жолама алды. Ал, Олжас Сәттібаев пен Қайрат Ералиев және Жәнібек Әлімханұлы (75 келі) жарыстың финалдық кезеңдеріне өте алмай, елге жүлдесіз оралады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары