$ 498.34  519.72  4.85

Рио-2016: Ресей бапкері Левитке төрешілер тарапынан қиянат жасалғанын мойындады (ВИДЕО)

Бокстан Ресей құрамасының бапкері Эдуард Кравцов Vesti.kz порталының тілшілеріне сұхбат беріп, Василий Левит пен Евгений Тищенконың финалдық кездесуіне өз бағасын берді. Айтулы жекпе-жекте төрешілер қазақстандық боксшының айқын басымдықпен жеңгеніне қарамастан жеңісті Тищенкоға берген болатын.

"Мұнда не айтуға болады? Барлығы да кімнің жеңгенін көрді! Мен әрқашан әділетті төреліктің жағындамын, бапкерлер мен спортшыларды әділ бағалағанын қалаймын. Біз - бапкерлер, бокстың басында тұрғандықтан, Василий мен оның бапкерлеріне және жалпы боксқа жасалған қиянатты көрдік, ондайды қаламаймыз. Бокста болып жатқан мұндай әділетсіздіктер спортты тек ластайды. Өкінішке қарай, бұл әділетсіз өткен жалғыз жекпе-жек емес, мұндай жағдай дәстүрге айналып барады. Біздің боксшы да рингке жеңіс үшін шықты, барын салды. Бірақ, төрешілердің әрекеті үшін ол кінәлі емес", - дейді Кравцов шуға ұласқан жекпе-жек жайлы.

Айта кетейік, Левиттің жеңілісі Қазақстан қоржынына күміс медаль алып келді. Бүгін жарыс жолына Әділбек Ниязымбетов (81 кг) пен Иван Дычко (+91 кг) шығады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#видео