$ 442.05  474.14  4.74

Рио-2016: Данияр Елеусінов - Шахрам Гиясов жекпе-жегі (ВИДЕО)

Қазақстан қоржынына үшінші алтын медаль салған қазақ боксшысы Данияр Елеусінов пен өзбекстандық Шахрам Гиясов арасындағы жекпе-жектің бейнежазбасын назарларыңызға ұсынамыз.

Естеріңізге салайық, аталған кездесу 3:0 (29:28, 29:28, 29:28) есебімен Елеусіновтің пайдасына шешілген болатын. Үш раундта да қарсыласынан бір бас жоғары өнер көрсеткен қазақ боксшысына төрешілер жеңісті бірауыздан берді.

Бұған дейін 91 келіде өнер көрсеткен жерлесіміз Василий Левит күміс медаль иегері атанған болатын. Ал, Әділбек Ниязымбетов (81 келі) пен Иван Дычко (+91 келі) және Дариға Шакимова олимпиада медалі үшін әлі күресті жалғастыратын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары