$ 448.89  477.93  4.76

Рио-2016: Данияр Елеусінов - Олимпиада чемпионы

Риодан сүйінші хабар! Бокстан 69 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Данияр Елеусінов Олимпиада ойындарының чемпионы атанды. Финалда өзбек боксшысы Шахрам Гиясовпен кездескен жерлесімізге төрешілер жеңісті бірауыздан берді, есеп 3:0 (29:28, 29:28, 29:28).

Естеріңізге салайық, жартылай финалда Даниярдың қабағы жарылып, ауыр жарақат алған болатын. Үш раунд бойы Данияр сол жарақатына соққы тигізбей, рингте аса сауатты өнерімен жанкүйерлерін тәнті етті.

Бұл Рио олимпиадасындағы Қазақстанның жалпы үшінші, ал, бокстан қоржынға түскен алғашқы алтын медалі. Бұған дейін финалда ресейлік боксшыны үш раунд бойы сабаған Василий Левитке төрешілер қиянат жасап, олимпиада алтынын бермей қойған болатын. Ал, Әділбек Ниязымбетов енді финалда, Иван Дычко жартылай финалда өнер көрсетеді.

Айта кету керек, Данияр чемпион болған 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақ боксшылары осымен 4-ші олимпиада қатарынан жеңімпаз болып келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары