$ 480.55  533.75  5.36

Рио-2016: Иван Дычко жартылай финалда жеңіліп, қола жүлдегер атанды

Бокстан аса ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық Иван Дычко Рио олимпиадасының қола жүлдегері атанды. Жартылай финалда британдық Джозеф Джойспен кездескен жерлесіміз қарсыласынан 1:2 есебімен жеңіліп қалды.

Алғашқы раунды өте белсенді бастаған Дычко есепте алға шыққан. Алайда, қалған екі раундта Джозеф Джойс Қазақстан боксшысын қуып жүріп сабады.

Осылайша, Иван Дычко Олимпиада ойындарының екі дүркін қола жүлдегері атанып отыр. 2012 жылы өткен Лондон олимпиадасында да жерлесіміз жартылай финалда сүрініп, үшінші орын иегері атанған болатын.

Ал, Дычконың бұл медалі Қазақстан қоржынына түскен 16-шы жүлде Еншімізде 3 алтын, 5 күміс және 8 қола медаль бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары