$ 443.44  480.51  4.88

Рио-2016: Вэл Баркер кубогі өзбек боксшысына табысталды

Олимпиаданың ең үздік боксшысына берілетін Вэл Баркер кубогі бұл жолы 49 келідегі өзбекстандық Хасанбой Дусматовқа бұйырды. Рио олимпиадасының чемпионы атанған 23 жастағы боксшы бұл жарыстағы қарсыластарының бәрін оңай ұтқан болатын. Олардың қатарында қазақ боксшысы Біржан Жақыпов та бар.

Сондай-ақ, Олимпиада ойындарының тарихында алғаш рет аталған кубок қыздарға да беріліп отыр. Биыл 75 келіде қарсылас шақ келтірмеген америкалық боксшы Кларесса Шилдске AIBA өкілдері Баркер кубогін табыстады. Ол жартылай финалда қазақ қызы Дариға Шәкімованы жеңген болатын.

Айта кетейік, Баркер кубогін қазақ боксшылары үш рет иемденген. Ең алғаш рет 1996 жылы Атлантада бұл трофей Василий Жировқа бұйырса, 2004 жылы Афиныда Бақтияр Артаев, 2012 жылы Лондонда Серік Сәпиев жеңіп алды.

Вэл Баркер - AIBA-ның кі алғашқы бас хатшысы және ұйымның экс-президенті. Оның құрметіне тағайындалған кубок Олимпиада ойындарында ең үздік өнер көрсеткен боксшыға беріледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары