$ 480.55  533.75  5.36

Головкин жыл соңына дейін тағы бір жекпе-жек өткізуі мүмкін

Күні кеше 36-шы жекпе-жегін жеңіспен аяқтаған қазақстандық кәсіпқой боксшы, WBA (Super), WBC, IBF және IBO чемпиондық белбеулерінің иегері Геннадий Головкин қараша айының соңында кезекті кездесуін өткізуі мүмкін. Бұл туралы Аllboxing.ru порталы хабарлады.

"Келл Брукты жеңгеннен кейін Головкин ұзақ демалмайды. Оның келесі жекпе-жегі қараша айының соңында Лос-Анджелес (Калифорния штаты, АҚШ) қаласында өтуі мүмкін. Бұл күні сондай-ақ, рингке кешегі бокс кешінде өнер көрсеткен никарагуалық Роман Гонсалес те көтеріледі деп күтілуде", - делінген аталған хабарламада.

Естеріңізге салайық, Лондондағы О2 стадионында өткен 36-шы жекпе-жегін Геннадий Головкин 5-ші раундта техникалық нокаутпен аяқтады. Оның қарсыласы Бруктың бапкерлері жекпе-жекті жалғастырудан бас тартып, төрешіден лйынды тоқтатуын сұраған болатын.

Осылайша, 34 жастағы қазақстандық боксшы WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша чемпиондық атағын қорғап қалды. Сондай-ақ, Головкин нокауттар сериясы бойынша да әлемдегі ең үздік боксшылар тізімнің көшін бастап келеді. Ол 36 жекпе жектің бәрін жеңіп, 33-ін нокаутпен аяқтаған.

Головкиннің келесі қарсыласы орта салмақтағы WBA (Regular) белбеуінің иегері америкалық Даниэл Джэйкобс, британдық Билли Джо Сондерс немесе кіші Крис Юбенк болуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары