$ 474.83  515.38  5.5

Билли Джо Сондерс: Кез келген уақытта, кез келген жерде Головкинмен жұдырықтасуға дайынмын (ВИДЕО)

Орта салмақтағы WBO чемпиондық белбеуінің иегері британдық Билли Джо Сондерс дәл осы салмақта әлемдегі ең үздік боксшы саналатын Геннадий Головкинмен рингте кездескісі келетінін мәлімдеді. Бұл туралы ол өзінің Twitter-парақшасында мәлімдеген.

Сондерс қазақстандық боксшымен кез келген жерде, кез келген уақытта жұдырықтасуға дайын екенін айтып отыр.

"Ең алдымен Головкинді жеңісімен құттықтаймын. Бірақ, бір мәселені айтып өткен жөн. Келл Брук - жартылай орта салмақтың боксшысы. Мен - нағыз орта салмақтамын. Ендеше, ешқандай кедергі жоқ, Головкин. Саған ойлануға бірер күн керек болар, бірақ мен бүгін таңертең менеджерлеріммен сөйлестім, біз бұл кездесуге қалай да қол жеткіземіз.

Мен сенімен кез-келген уақытта төбелесуге дайынмын. Менің келесі жекпе-жегім 29 қазанда өтеді. Бастысы, сен дайын болсаң болды. Сенің қалағаң уақытыңда рингке шығамын. Жанкүйерлердің көргісі келгені де осы. Мен сенің соңғы кездесуіңді зерттедім, қателіктеріңді көрдім, саған қарсы айла қолдана аламын.

Мен сені сыйлаймын, сенің өте жақсы адам екеніңді білемін. Бірақ, сенің осынау чемпиондық белбеулерге қаншалықты лайық екеніңді анықтап алған дұрыс болар деп есептеймін", - дейді Сондерс өзінің Головкинге арнаған бейнеүндеуінде.

Айта кетейік, күні кеше Лондондағы О2 стадионында өзінің 36-шы жекпе-жегін өткізген Геннадий Головкин британдық Келл Брукты 5-ші раундта техникалық нокаутпен жеңді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары