$ 498.55  524.28  4.75

Шымкентте өткен марафонға 4 мың адам қатысты

Шымкентте қала күніне және Тәуелсізідктің 25 жылдығына арналған xалықтық марафонға 4 мыңнан астам шаһар тұрғыны қатысты. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Қала күнін мерекелеудің екінші күнінде шымкенттіктер 5000 метр қашықтыққа жүгірді. Салауатты өмір салтын сақтаған 4 мыңнан астам шаһар тұрғындары Д.Қонаев даңғылы бойындағы «Royal» фитнес клубынан «Наурыз» алаңына дейінгі бес шақырымды бағындырды.

Айта кетерлігі, мұндай спорттық сайыс Шымкентте осымен 17 рет өткізіліп отыр. Жүгіру сайысының қорытындысында 12 аталым бойынша 30 жүлдегер анықталып, барлығы дипломдар мен бағалы сыйлықтарға ие болды.

Бұл реткі бұқаралық марафон сайысының ең жас қатысушысы Сапарxан Бақдәулет пен Амантай Aян небәрі жеті жаста болса, ең қарт жүйріктер 65 жастағы Юрий Остапенко мен Зайцева Ираида есімді ақсақалдар болды.

Айта кетейік, ел тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай өңірде түрлі қоғамдық шаралар өтіп жатыр. Мәселен, күні кеше жергілікті белсенді топ дәстүрге айналған «Бұл - біздің таулар» фестиваліне қатысты. Іс-шараға қатысушылар Өгем тау жотасының шығысы жағында орналасқан «Тәуелсіздік» шыңын бағындырумен қатар, суретшілердің сайысына да қатысты. Арнайы жол көрсетушілермен тауға шыққан жастар 2200 метр биіктікті бағындырып, өз алдарына рекорд жаңартты.

Бұдан бөлек, “Bal Tekstil” кілем тоқыма фабрикасының демеушілігімен «Біз туризм және экологиямен біргеміз» қайырымдылық шарасы өткізілді. Аталған шара қоғамдағы өзекті мәселе – ата-ана қамқорлығынан айырылған жандарға арналды. Фестиваль қортындысы бойынша белсенді жастар мен суретшілер марапатталып, жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар табысталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары