$ 480.55  533.75  5.36

Головкин мен Джейкобс арасындағы жекпе-жек желтоқсанда өтуі мүмкін

Кәсіпқой бокстан орта салмақтағы әлем чемпиондары Геннадий Головкин мен Дэниел Джейкобс 10 желтоқсан күні өзара жекпе-жек өткізуі мүмкін. Бұл туралы BoxingScene.com порталы хабарлап отыр.

10 желтоқсан күні Сауль "Канело" Альварес кезекті жекпе-жегін өткізуі тиіс болатын. Оның командасы HBO телеарнасымен келісіп те қойған. Алайда, Лиам Смитпен болған кездесуде Альварестің жарақат алып қалуына байланысты бұл жекпе-жек өтпеуі мүмкін. Ал, миллиондаған долларға жоспарланған бокс кеші құрдымға кетпес үшін HBO Головкин мен Джейкобсқа ұсыныс жасады. Кейбір мәліметтерге сүйенсек, америкалық боксшы GGG-мен кездесу үшін HBO телеарнасынан 3 миллион доллар сұраған.

Егер қос боксшы келісімін берсе бокс кеші Нью-Йоркте өтуі мүмкін. Өйткені, екеуі осынау қалада аса танымал. Madison Square Garden мен Barclays Center ареналары да 10 желтоқсанда бос тұр деп жазады BoxingScene.com.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары