$ 498.55  524.28  4.75

Арыс қаласында бокстан халықаралық турнир басталды

Арыста Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай бокстан 2001-2002 жылы туылған жасөспірімдер арасында Кеңес Одағының Батыры Бейсен Онтаевты еске алуға арналған ХХХІV Халықаралық турнирдің ашылу салтанаты өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру аясында дене шынықтыру мен спортты дамытуға, жастар арасында спорттың бокс түрін, жалпы салауатты өмір салтын және еліміздің бокс саңлақтарын кеңінен насихаттауға, бос уақытын тиімді пайдалана отырып, спортпен шұғылдануына тартуға бағытталды. Бұл іс-шара көптеген жастарымыздың спортқа деген қызығушылығын арттыра түскендігі айқын. Бұл сөзімізге сайысқа қатысушылар мен оны тамашалауға келген жастардың үлес салмағының өзі дәлел болмақ.

Жарыстың ашылу салтанатына Оңтүстік Қазақстан облысы денешынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары А.Бердашев, қала әкімінің орынбасары Б.Ділдәбеков, қалалық мәслихат хатшысы А.Байтанаев, зиялы қауым өкілдері, спорт ардагерлері, спортшылар, жастар өкілдері қатысты. 

Аталған жарысқа Өзбекстан Республикасының, 10 облыстан және Астана, Алматы қалаларынан келген 25 командадан құралған 273 жас спортшылар шаршыалаңда сайысқа түседі.

Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстандағы боксы дамыған өңірлердің бірі болып есептеледі. Тәуелсіздік алған жылдары облыс бапкерлері Олимпиада ойындарының 1 алтын, 1 күміс және 1 қола жүлдегерін дайындаған. Сондай-ақ, әлем, Азия чемпиондары тәрбиеленді. Өңірде Бекзат Саттархановты, Қарақозы Әбдәлиевті еске алуға арналған халықаралық турнирлерді өткізу дәстүрге айналған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары