$ 498.55  524.28  4.75

Ақтөбелік футбол жанкүйерлеріне сот үкімі шықты

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының 4 тұрғыны бұзақылық жасап және полицейлердің қаруын тартып алмақ болғаны үшін айыпты деп танылды. Бұл туралы Timeskz.kz порталы хабарлап отыр.

Сотталған төрт жігіттің бірі мектепте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Әділ Оразов, екіншісі - оның кәсіпкер інісі Асхат, үшіншісі - саудамен айналысатын Берік Нұрмашев және соңғысы кәсіпкер Дмитрий Кокман. Олар Ақтөбеге сүйікті футбол командаларының ойынын көруге келіп, қаладағы дәмханалардың бірінде төбелес ұйымдастырған.

Тергеу мәліметтеріне сенсек, айыптылар дәмхана иелерімен төбелесіп, кейін оларды тоқтатуға келген полицейлерге де күш көрсеткен. Берік Нұрмашев тәртіп сақшысының табельдік қаруын тартып алмақ болыпты. Ал, Дмитрий Кокман полицияның қызметтік көлігін айдап кетуге әрекет жасаған. Алайда, бірнеше метр жүргеннен кейін үйдің қоршауына соғысыпты.

Сот айыптылардың әрқайсысын 5 жыл 2 ай бас бостандықтарынан айырды.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. Айыптылардың туған-туыстары соттың бұл шешімімен келіспейтінін айтып отыр. Олар енді жоғары инстанцияларға арызданбақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары