$ 474.72  515.17  5.58

Шымкентте Жазира Жаппарқұл мінген көлік жол көлік оқиғасына ұшырады

Ауыр атлетикадан Рио олимпиадасының күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл мінген автокөлік Шымкент көшелерінің бірінде жол көлік оқиғасына ұшырады деп хабарлайды TVK телеарнасы. Оқиға 4 қазан күні Байтұрсынов пен Рысқұлов көшелерінің қиылысында орын алған.

Даңқты спортшы мінген "Hyundai Accent" автокөлігін оның әкесі тізгіндеген екен. Олар бағдаршамның "қызыл" түсіне тоқтап тұрған сәтте көліктің артына үлкен жүк көлігі келіп соқтығысқан. Абырой болғанда, ешкім зардап шекпей, тек жеңіл көлікке айтарлықтай зиян келіпті.

Естеріңізге салайық, Олимпиададан елге оралғаннан кейін Жазираға ОҚО әкімі су жаңа жол талғамайтын Toyota Land Cruiser көлігін сыйлаған болатын. Сондай-ақ, Шымкенттегі "Нұрсат" шағынауданынан 2 бөлмелі пәтерді де өңір басшысы ауыратлет қызға сыйға тартқан. Кейін тілшілерге берген сұхбатында Жазира Жаппарқұл бұл пәтерді ата-анасына беріп, өзіне тек көлікті қалдырамын деп мәлімдеген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары