Кезінде Халықаралық әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) көшін бастаған Мария Шарапова аталған тізімнен мүлдем шығарлды. Бұл туралы Lenta.ru порталы хабарлап отыр.
Өткен аптада Шарапова осынау рейтингтің 93-ші сатысынан орын алған болатын.
Айта кетейік, басы допинг дауына іліккен ресейлік теннисші 2 жылға жарыстардан шеттетілген болатын. Алайда, 4 қазан күні Спорттық арбитражды сот (CAS) бұл мерзімді 9 айға қысқартты. Демек, Мария Шарапова кортқа 2017 жылдың 26 сәуірінде қайта оралады.
Теннисшіні Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттік биыл жыл басында мельдоний препаратын пайдаланды деп айыптаған болатын. Шарапова соңғы рет қаңтар айында өткен Australian Open-2016 турниріне қатысып, жеңіліп қалған еді.